1 наурызда «Qazaqstan» телеарнасында партиялар пікірсайысы өтеді

27.02.2023

Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы аясында 2023 жылғы 1 наурызда «Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінде саяси партиялар арасындағы пікірсайыс өтеді.

Пікірсайысқа сайлауға түсетін 7 партия өкілі қатысады.

 «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау, Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков, «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Берік Дүйсембинов, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев 4 кезең бойынша өзара пікірсайысқа түседі.

Тікелей эфир уақыты: 1 наурыз 20:30-да. Пікірсайыс «Qazaqstan» телеарнасының You Tube, Facebook және Telrgram-арналары арқылы да тікелей трансляцияланады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар