АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

10.02.2023
«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттарының
кезектен тыс сайлауына қатысатын
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттарына партиялық тізімдер бойынша, бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттардың
сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін
теле-, радиоарналарында эфирлік уақыт беруінің жалпы шарттары

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ (бұдан әрі - РТРК), «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының, «Kókshe», «Qostanai», «Qyzyljar», «Ertis», «Semei», «Altai», «Saryarqa», «Jambyl», «Ońtústik», «Qyzylorda», «Aqtobe», «Aqjaiyq», «Atyraý», «Mańǵystaý» аймақтық Теле-, радиоарналарында «Қазақ радиосы», «Шалқар», «Астана», «Classic» және аймақтық радиоарналарының (бұдан әрі - Теле-, радиоарналар) меншік иесі, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру үшін Теле-, радиоарналарда эфирлік уақыт беру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы хабарлайды.

Теле-, радиоарналар РТРК мен 1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған және тіркеген Саяси партия арасында немесе Саяси партияның уәкілетті өкілі арасында (бұдан әрі – Саяси партия); 2) бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын Кандидатпен немесе Кандидаттың уәкілетті өкілі арасында жасалатын жазбаша шарт негізінде және Теле-, радиоарналар бекіткен монтаждау парақтарына сәйкес эфирлік уақыт береді. Сонымен қоса, монтаждау парақтары жазбаша өтініш берілген күні Теле-, радиоарналарда бар техникалық мүмкіндіктерге сәйкес, яғни Теле-, радиоарналардың эфирлік уақытының жоспарлы уақыт аралығында жарнаманың болуына және/немесе болмауына қарай, Үгіт материалдарының эфирге жоспарлы шығуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын әзірленеді.

Теле-, радиоарналарында эфирлік уақыт беру төмендегі Үгіт материалдарын орналастыру жолымен жүзеге асырылады:
1) қазақ тілінде хронометражы 10 (он) секундтан кем емес аудио және бейнероликтер;
2) өзге де Үгіт материалдары.

Саяси партияның/Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің РТРК басшысының атына жазған жазбаша өтініші эфирлік уақыт беру туралы шарт жасау үшін негіздеме болып табылады.
Үгіт материалдарының саны, хронометражы, эфирге орналастыру жоспарланған күн мен уақыт Саяси партияның/Кандидаттың не болмаса оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, кейіннен олар шарт талаптарымен бекітіледі.

Өтініш Саяси партиялардың/Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында, кезектілік тәртібімен, әр жазбаша өтінішке реттік нөмір тағайындау және өтініштің келіп түскен күнін белгілеу жолымен тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі керек:
1) Саяси партияның/Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) Саяси партия/Кандидат өкілінің уәкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
4) шарт жасау үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Теле-, радиоарналар эфирінде Саяси партиялардың/Кандидаттардың Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не болмаса, егер өтініштер бір уақытта келіп түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын РТРК белгілейді.

Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте, сұратылып отырған уақыт ертерек жүгінген басқа Саяси партияға/Кандидатқа берілген болса, немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты берілуі мүмкін болмаса, РТРК Теле-, радиоарналардың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып Саяси партияға/Кандидатқа үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады.

Үгіт материалдары Теле-, радиоарналарда эфирге жоспарлы шығуына дейін кем дегенде күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын ұсынылуы тиіс.

Үгіт материалдары төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:
Үгіттік аудиовизуалдық материалдар (бейнероликтер) DVCPRO HD немесе XDCAM HD 50 Мбит/сек кодталған форматта, profile 4:2:2, секундына 25 кадр, HD стандартындағы кадр өлшемімен, өрістету түрі interlaced, өрістерді құру жолы: үстіңгі бірінші өріс (top field first) кадрдың қатынасы 16:9, біріктірілген дыбыспен және көрсетілген тайм-кодпен ұсынылады. Аудиосүйемелдеу келесі объективті және субъективті техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс: серпінді диапазон кемінде 40дБ; жиіліктік диапазон кемінде 20Гц-20000Гц; студиялық жазбада бейсызықтық бұрмалау коэффиценті 1%-дан артық емес; сигналдың акустикалық ревербациясы («жаңғырық») болмауы тиіс; сөйлеудің 100% анықтығы болуы тиіс; жазбада бөтен дыбыстар, шулар, кедергілер естілмеуі тиіс; 1-2 дыбыс жолақтары үшін түйістірілген дыбыс (оң және сол дыбыс жолақтары қайталануы тиіс) қажет; 3-4 дыбыс жолақтары үшін ажыратылған дыбыс қажет.

Үгіттік аудиоматериалдар (аудиороликтер), WAV-форматында-дискреттеу жиілігі -48000 Гц, разрядтылығы – 24 бит, стерео, жазба деңгейі -9-дан -6 дб-ға дейінгі файлда ұсынылады.
Үгіт материалдар сыртқы тасуыштарда (қатты диск, флеш карта) беріледі.

Электрондық тасымалдағышпен бірге эфирлік уақыт беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің түсіндірмесі, суреттері Үгіт материалдарында пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша рұқсаттары, жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың суреттері пайдаланылған жағдайда – ата-аналарының, қамқоршыларының, жанашырларының жазбаша рұқсаттары беріледі.

Үгіт материалдарында олардың төленуі, қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе визуалды ақпарат болуы тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар/Кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамаға сәйкес болуына дербес жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген тәртіп пен талап бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарт талаптары бұзылған кезде Үгіт материалдарын эфирге шығару жүргізілмейді не болмаса бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатылады.

Егер Үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық және тектік араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құру идеялары болса, РТРК оларды эфирге шығарудан бас тартады.

РТРК Үгіт материалдарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттарына басқа да Кандидаттардың арына, намысына немесе іскерлік беделіне зиян келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда оларды эфирге шығарудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Өтініш берушілерге эфир уақытын беру шарттары мен тәртібі РТРК-ның эфирлік және редакциялық саясатын, РТРК-ның ішкі нормативтік құжаттарын ескере отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Теле-, радиоарналарда Үгіт материалдарын орналастыру құны және тілі

Орналастыру құны Теле-, радиоарналардың барлық қолжетімді хабар тарату орталарында (эфирлік аналогтық, эфирлік цифрлық, жерсеріктік, сондай-ақ кабельдік операторлар арқылы және Интернет желісінде) трансляциялауды және ретрансляциялауды қамтиды.

Жасалған шарт бойынша Теле-, радиоарналарда Үгіт материалдарын таратқаны үшін төлем жасау РТРК ұсынған төлем шоты негізінде, шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

РТРК жазбаша өтініштерді 2023 жылғы 15 ақпаннан бастап, 2023 жылғы 14 наурызды қоса алғандағы мерзімге дейінгі аралықта, демалыс және мереке күндерін есептемегенде, сағат 10:00 бастап сағат 18:00 дейін (жергілікті уақыт бойынша), (үзіліс уақыты – сағат 13:00 бастап сағат 14:30 дейін), төмендегі мекенжайлар бойынша қабылдайды:
• «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында орналастыру үшін Астана қ., Д.Қонаев көш., 4, 19 қабат, А.19.011 кеңсе-7, телефондар: 757 052, 757 051, 757 049, 757 046;
• «Қазақ радиосы», «Шалқар» радиоарналарында орналастыру үшін Астана қ., Д.Қонаев көш., 4, 4 қабат, В.4.079 телефон: 757 299;
• «Kókshe» телеарнасында орналастыру үшін Көкшетау қ., М.Сағдиев көш., 19;
• «Qostanai» телеарнасында орналастыру үшін Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 126;
• «Qyzyljar» телеарнасында орналастыру үшін Петропавловск қ., Брусиловский көш.,1;
• «Ertis» телеарнасында орналастыру үшін Павлодар қ., Қ.Сұрағанов көш., 21;
• «Semei» телеарнасында орналастыру үшін Семей қ., Шұғаев көш., 157;
• «Altai» телеарнасында орналастыру үшін Өскемен қ., Стаханов көш., 70;
• «Saryarqa» телеарнасында орналастыру үшін Қарағанды қ., Жауынгер интернационалистер көш., 14;
• «Jambyl» телеарнасында, сондай-ақ аймақтық радиоарнада орналастыру үшін Тараз қ., Сүлейменов көш., 6;
• «Ońtústik» телеарнасында, сондай-ақ аймақтық радиоарнада орналастыру үшін Шымкент қ., Қазыбек би көш., 20 үй;
• «Qyzylorda» телеарнасында орналастыру үшін Қызылорда қ., Желтоқсан көш., 11;
• «Aqtobe» телеарнасында орналастыру үшін Ақтөбе қ., Т.Ахтанов көш., 54;
• «Aqjaiyq» телеарнасында, сондай-ақ аймақтық радиоарнада орналастыру үшін Орал қ., Н.Сыдықов көш., 1А;
• «Atyraý» телеарнасында, сондай-ақ аймақтық радиоарнада орналастыру үшін Атырау қ., Молдағалиев көш., 29;
• «Mańǵystaý» телеарнасында, сондай-ақ аймақтық радиоарнада орналастыру үшін Ақтау қ., 24 ықшам ауданы, 8 ғимарат.

Жазбаша өтініштер факсимильдік және Интернет байланыс арқылы қабылданбайды.
«Қазақстан» РТРК» АҚ

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар