Журналист Индира Тұрсынбай «Balapan» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды

01.02.2023

Журналист, продюсер Индира Тұрсынбай «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Balapan» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды.

Қымбат Досжан, Танысбай Ләззат Мұратқызы, Индира Тұрсынбай


«Қазір «Balapan» телеарнасының алдында тұрған негізгі міндет - балалар контентін өндірушілер арасындағы бәсекелестікте алда болу, анимация өндірісін кеңейту. Ол үшін ең алдымен өнімдер сапасын бұдан әрі арттыру мақсаты тұр.

Бүгінде балалар контентін өндіретін түрлі отандық және әлемдік жаңа платформалар пайда болды, бәсекелестік мықты болғандықтан, телеөндірісте креативті идеяларды іске асыру маңызды. Бұл бағытта нарықтағы жаңашыл маман ретінде Индира Тұрсынбайдың тәжірибесі балалар арнасы үшін пайдалы болады деп сенеміз», - деді Корпорацияның Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Индира Тұрсынбай 2003 жылдан бері «Qazaqstan», «Астана», «Евразия», «Almaty» телеарналарында жүргізуші, журналист, жаңалықтар тілшісі болып еңбек еткен. Соңғы жылдары жеке продакшн компанияларда басшылық қызметтер атқарды.


Басқарма төрайымы бұған дейін телеарнаға жетекшілік еткен Қымбат Досжанға алғыс білдірді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар