«Qazaqstan» телеарнасы Қаңтар оқиғасы туралы 2 деректі фильм мен 1 арнайы репортаж көрсетеді

04.01.2023


5 қаңтар 12:00-де «Qazaqstan» телеарнасынан ұзақтығы 30 минуттық «Куәгер» деректі фильмі эфирге шығады. Фильмде Қаңтар оқиғасын көзімен көрген, арасында болған куәгерлердің оқиғасы баяндалады.

5 қаңтар сағат 20:40-та Қаңтар оқиғасының хроникасына құрылған «Қаралы қаңтар» деректі фильмі көрсетіледі. Фильм Жаңаөзен, Ақтау және Алматы қалаларында түсірілген. Фильмде сол күндерде митингке қатысқан азаматтар, ресми орган өкілдері мен жазушылар, құқық қорғаушылар сол күндерге қатысты ойларын білдірген.

Ал 6 қаңтар сағат 20:40-та Қаңтар оқиғасына қатысты істі болып, рақымшылыққа іліккендер туралы «Кешірім» атты арнайы репортаж эфирге шығады. Жобада амнистия аясында атқарылған жұмыстар кеңінен көрсетіледі.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар