«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Balapan» телеарнасының келесі жылға арналған анимациялық жобаларының ашық талқылауын өткізді

26.12.2022

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Balapan» телеарнасының келесі жылға арналған анимациялық жобаларының ашық талқылауын өткізді. 

«Balapan» телеарнасының балалар жобасын өндірушілер арасында жариялаған байқауына 20-дан астам компаниядан 72 жоба келіп түсті. Ұсынылған жобалар арасында оқу-танымдық, ойын-сауықтық анимациялық сериалдар, бағдарламалар, шытырман оқиғалы, қиял-ғажайып және комедия жанрына құрылған хикаялар бар.




Бүгін анимациялық жобалар талқылауы өтті. Конкурстық комиссия іріктеуінен өткен 29 анимациялық сериал «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Көркемдік кеңесінің талқысына ұсынылды. Ашық талқылауға қатысқан компаниялар арасында «Rio Production» ЖК, «Anyz film» ЖШС, «77 ideas», «ASD production» ЖШС, «Ырысы АҚ Қазақстан» ЖШС, «ALEM Animation» студиясы, ЖШС, «New Media Studio» ЖШС, «Qazart media», «Сақ» киностудиясы бар.


«Balapan» еліміз бойынша анимацияға тапсырыс беруші негізгі арна. Осыдан бірнеше жыл бұрын нарықта анимация өндірісімен айналысатын санаулы компания болса, бүгінде тек осы бағыт бойынша қалыптасқан өндірушілер саны артты. «Balapan» арнасының келер жылғы бағдарламалар кестесінде де негізгі басымдық анимациялық жобаларға беріледі. «Balapan» арнасымен бірге өсіп, тәжірибе жинақтаған компаниялармен жұмыс істеуге біз әрқашан мүдделіміз, сонымен қоса жас аниматорларды қолдауға әрқашан дайынбыз», - деді «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай. 


Көркемдік кеңес 29 жоба арасынан 15 анимациялық өнімді Корпорация ұсынған талаптарға сай деп бағалады. Ашық питчинг қорытындысы 2023 жылдың қаңтар айында жарияланады.

«Balapan» телеарнасы биыл 174 сериядан тұратын 17 анимациялық жоба, 31 сериядан тұратын 2 телехикая, балаларға арналған 17 бағдарлама түсіріп ұсынды.



Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар