Берік Әбділманов «Kokshe» телеарнасының директоры болып тағайындалды

15.12.2022


Журналист Берік Әбділманов «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Ақмола облыстық филиалы «Kokshe» телеарнасының директоры болып тағайындалды.

Берік Әбділманов «Kokshe» телеарнасында 17 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Еңбек жолын 2005 жылы «Қазақстан» РТРК Ақмола облыстық филиалында редактор болып бастаған. 2005-2014 жылдар аралығында редактор-үйлестіруші, шеф-редактор, 2014 жылдан бастап бүгінге дейін «Kokshe» телеарнасы директорының орынбасары қызметін атқарды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар