«Қазақстан» телерадиокорпорациясының бастамасымен заманауи музыка өкілдеріне телевизиялық премия табысталды

13.12.2022


Астанада «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Beu» радиосының ұйымдастыруымен «Beu» заманауи музыка жүлдесінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Телевизиялық премия «Үздік кавер», «Үздік саундтрек», «Үздік feat», «Үздік бейнебаян», «Үздік альбом», «YouTube-та №1», «Үздік топ», «Үздік орындаушы», «Үздік ән» аталымдары бойынша ұйымдастырылды.

Номинанттар арасында Мирас Жүгінісов, Ирина Кайратовна, Sadraddin, NINETY ONE, Shiza, RAIM, 2RAR, Молданазар, Kalifarniya, Yenlik, Qarakesek, Қанай, Aro, Аяу, Қазыбек Құрайыш, AUKA, Мархаба Сәби, Hey Monro және т.б өнер жүлдыздары бар.

«Соңғы жылдары Қазақстандағы заманауи музыка жаңа деңгейге көтеріліп, дарынды жастар кең таныла бастады. Еліміздің атын әлемге танытып жүрген Димаш Құдайберген мен Иманбектен бастап, Молданазар мен Мархаба жалғаған шоғыр қалыптасты. Халықаралық байқауларда ел мерейін асырған жерлестеріміздің де қатары көбейіп келеді», - деді шараға қатысқан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.


Ал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дос-Мұқасан» ансамблінің мүшесі Досым Сүлеевтің айтуынша, әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблі де жастардың қолдауының арқасында аңызға айналған. Композитор телевизиялық премияда бақ сынаған жас орындаушылардың өнеріне тілектестік білдірді.

«Beu» музыкалық жүлдесінің жеңімпаздары радиотыңдармандардың дауыс беруі арқылы анықталды.

Жеңімпаздар:

«Үздік ән» аталымы - «Kõk tu» (Ирина Кайратовна & Shiza);

«Үздік кавер» аталымы - Қазыбек Құрайыш;

«Үздік бейнебаян» аталымы - «Kõk tu» (Ирина Кайратовна & Shiza);

«Үздік feat» аталымы - Мирас Жүгінісов & 2RAR («Ойлай берем»);

«Үздік OST» аталымы - «Отыздан асып барамын» / Ирина Кайратовна (OST «Отыздан асып барамын»);

«Үздік альбом» аталымы - «Bestseller» (RAIM);

«Үздік орындаушы» аталымы - Yenlik;

«Үздік орындаушы» аталымы - RAIM;

«Үздік топ» аталымы - «Аlpha» тобы;

«YouTube-та №1» аталымы - Kalifarniya («Қар»).

Ләззат Танысбай

«Qazaqstan» телеарнасы ұлттық өнердің, дәстүрлі музыканың жаршыларымен қоса, заманауи әндердің орындаушыларын, жас музыканттарды қолдауға, алаң ұсынуға әрқашан дайын», - деп атап өтті Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Қазақстандық музыканттардың жаңа толқынына арналған тұңғыш телевизиялық премия жуырда «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар