«Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен Қырғыз Ұлттық телерадиохабар тарату корпорациясы арасында меморандум орнады

06.12.2022

Бүгін Бішкекте өткен Қырғыз Республикасы Ұлттық телерадиохабар тарату корпорациясының 90 жылдығы аясындағы халықаралық медиафорумда Қайрат Иманалиев пен «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.



Қазақстан мен Қырғыз еліндегі ең ірі медиаұйымдар бұған дейін де әріптестікте қызмет атқарып келеді. Қырғызстандық мамандар «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсіріп жатқан «Қорқыт ата» телехикаясына атсалысады. Халықаралық тарихи жобада Қырғыздың атақты манасшысы Рысбай Исақов ойнайды.

Бұған дейін қырғыз арналарында Корпорация түсірген «Абай» және «Әл-Фараби» тарихи телехикаялары көрсетілді. Ал «Balapan» балалар арнасынан қырғыз тарапымен бірлесе түсірілген елдер арасындағы достықты насихатайтын «Екі дос» анимациялық мультфильмі ұсынылды.


«Ұзақмерзімді келісімдерден кейін биылғы жылдың қазан айынан бастап «Qazaqstan» және «Balapan» телеарналары Қырғыз Республикасының аумағында тарала бастады. Қазір біздің өнімдерімізді жаңа аудитория, Қырғыз еліндегі қандастарымыз кедергісіз көре бастады. Бүгінгі меморандум мәдени бағыттағы, оның ішінде деректі фильмдер, телевизиялық сериалдар мен анимация саласы бойынша бірлескен контент өндірісін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Меморандум негізінде «Balapan» мен қырғызстандық «Баластан» арналары контент алмасу бағытындағы жұмысты күшейтпек.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар