«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебіне 35 студент қабылданды

29.11.2022


«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі бүгін екінші кезеңін бастады. ЖОО-ның журналистика, медиатехнология, кино өнері және телевизия факультетінің III, IV курс студенттеріне арналған жобаның жаңа кезеңіне қатысуға 90-нан астам өтінім түсті. Оның ішінен арнайы комиссия шешімімен 35 студент іріктеліп алынды.

Ләззат Танысбай



Бүгін студенттерге алғашқы дәрісті Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай өткізді.

«Медиамектепті құрудағы мақсатымыз – телевизия және радио саласының сан қырын меңгерген мамандар, білікті ізбасарлар даярлау. Екі жыл ішінде медиамектепке қатысуға 250-ге жуық студент өтінім білдірді. Оның ішінен Корпорацияның ең тәжірибелі мамандарынан практикалық білімін жетілдіру мүмкіндігіне елордалық 70 студент ие болып отыр. Бұл бастама тек Корпорация емес, жалпы отандық медианарық үшін пайдалы. Тәжірибелік тұрғыдан шыңдалған студенттер журналистиканың кез келген саласында біліктілігін көрсете алады»,- деді медиамектеп қызметі туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.






Медиамектеп қатысушылары алты айдан астам уақыт бойы «Qazaqstan», «Qazsport», «Abai TV», «Balapan» телеарнасы және «Қазақ радиолары» ЖШС мамандарынан шығармашылық және техникалық бағытта білім алады. Оқыту ақысыз негізде жүргізіледі және білім алушыларға алғашқы еңбек жолын «Қазақстан» телерадиокорпорациясынан бастауға мүмкіндік беріледі.

Медиамектептің өткен жылғы түлектері арасынан 10 жас маман қазір Корпорацияға қарасты телеарналарда еңбек етіп жүр.



Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар