«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Алматыда телевизиялық жарнама нарығының өкілдерімен кездесу өтікізді

12.11.2022


Кездесуде Корпорация құрамындағы «Qazaqstan», «Qazsport»,«Balapan», «Abai tv» телеарналары, Қазақ радиосы, «Shalqar», «Aстана» және «Classic» радиоларының жарнамалық мүмкіндіктері талқыланды.

Соңғы үш жылда «Qazaqstan» телеарнасының рейтингі 70%-ға артып, отандық телеарналар ішінде 7-орыннан 3-орынға көтерілді. Қазақтілді аудитория арасында арна 15,8% үлеспен бірінші орынға шықты.

Жарнама агенттіктерін бірінші кезекте Корпорация өндірген сериалдардың сапасы және олардың реитингтік көрсеткіштері қызықтырды. Биыл елімізде көрсетілген ТОП-5 отандық сериалдардың үздік үштігінде Ұлттық арнаның өнімдері тұр. Оның ішінде алғашқы орында - «Күйеу бала» сериалы. Ал өткен жылы барлық телеарналардағы отандық сериалдардың ішінде ең жоғары рейтингті «Qazaqstan» телеарнасының «Домалақ ана» тарихи сериалы көрсетті.

«Сапалы контент өндірісінің нәтижесінде соңғы жылдары аудиториямызды кеңейтіп, көрермендерді эфирлерімізге тарттық. Соңғы үш жылда Ұлттық арна отандық сериалдар, оның ішінде тарихи телехикаялар, анимациялық жобалар өндірісінің драйверіне айналды. Қазір қазақтілді контентке сұраныс жоғары. Сәйкесінше, ірі Корпорация ретінде біз нарықтағы жарнамалық бюджеттің қазақтілді контентке көбірек келуіне мүдделіміз», - деді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Қазір Корпорация арналарының телевизиялық жарнама нарығындағы үлесі 7-9 пайызды құрайды. Орталық Азия Жарнама қауымдастығының болжамынша, алдағы үш жылда телевизиялық жарнама нарығының бюджеті артады. Бұл телевизиялық өнімдер сапасының артуына әкеледі.

Ләззат Танысбай


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар