«TAMASHA TV» ТЕЛЕАРНАСЫНА - 1 ЖЫЛ

11.09.2019

«Қазақстан» РТРК» АҚ-на қарасты «Tamasha TV» телеарнасының эфирге шыққанына - 1 жыл.

Қазақстандағы алғашқы ойын-сауықтық арна 2018 жылдың 1 қыркүйегінде тұсауын кесті. Телеарна эфирінен әзіл-ысқақ бағыттағы бағдарламалар, тақырыптық концерттер, шығармашылық кештер, сондай-ақ, әзілге құрылған телехикаялар мен ситкомдар көрсетіледі.

Басты мақсаты – қазіргі нарықта бар қазақ әзілін бір ортаға тоғыстырып, көрерменге сапалы телеөнім ұсыну.

Күніне 20 сағат бойы хабар тарататын арна көпшілікке «Otau TV» ұлттық жерсеріктік телерадио хабар тарату желісі және «Alma TV», «ID TV» кабельдік операторлары арқылы қолжетімді. 2019 жылы республика аумағында хабар тарататын міндетті телеарналар тізіміне енді.

Бір жыл ішінде арнаның «Әзіл-Дастан», «Бәрі келді», «Тамаша Club», «Tamasha_like», «Жорға сұхбат», «КүлTube», «Мерекеңізбен!», «Бір ғанибет», бағдарламалары кеңінен танылып үлгерді. Сондай-ақ, жаңа телеарнада телерадиокорпорация мұрағатында жылдар бойы сақталған, кезінде көрерменнің көңілінен шыққан танымал ойын-сауықтық бағдарламалар ұсынылып келді.

Бүгіннен бастап «Tamasha TV» арнасы көрерменге жаңа логотиппен жол тартты. Сонымен қатар, «Түнгі қала», «Қош көрдік», «Импровиз шоу», «The Өмір» сияқты бірнеше жаңа жобасын ұсынады.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар