«Абай» және «Әл-Фараби» телехикаялары Қырғыз телеарналарында жоғары рейтинг көрсетті

28.10.2022


ASTANA MEDIA WEEK медиаапталығы аясында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай Қырғыз Республикасы Ұлттық телерадиохабар тарату корпорациясының Бас директоры Қайрат Иманалиевпен кездесті.

Кездесуде бірлескен телевизиялық контент өндіру, оның ішінде тарихи жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Қырғыз Республикасы Ұлттық телерадиохабар тарату корпорациясының Бас директоры Қайрат Иманалиев жыл басында «Қазақстан» телерадиокорпорациясынан сатып алынған «Абай», «Әл-Фараби», «Шабдалы» телехикаяларының қырғыз көрермендерінің көңілінен шығып, жоғары қаралым жинағанын, сонымен бірге Қырғыз тарапының «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсіріп жатқан «Қорқыт ата» телехикаясына атсалысатынын жеткізді.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Qazaqstan» және «Balapan» телеарналары қазан айынан бастап 12 ірі кабельдік желі арқылы Қырғыз Республикасының аумағында таралуда.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар