«Орбұлақ шайқасы» телеэкранда

11.12.2019

«Qazaqstan» Ұлттық арнасы шағын қолмен жаудың қалың әскерін ойсырата жеңген қазақ батырларының ерлігі мен елдік жолындағы күресін әйгілеген Орбұлақ шайқасы туралы телехикая түсірді. Тарих парағына 376 жыл бұрын жазылып, «Қайталанбас оқиға» деп бағаланған бабалар жорығы осылайша ел жадында қайта жаңғыртылмақ. Жоба Тәуелсіздік мерекесіне орай Ұлттық арна эфиріне шығады.

Бүгін елордада тарихи жобаның таныстырылымы өтті. «Орбұлақ шайқасы» - 1643 жылы Орбұлақ маңында 50 мың қолға төтеп берген 600 қазақ сарбазы туралы түсірілген алғашқы телехикая.

«Бұл сериал - тарихты түгендеу ісіне қосқан үлесіміз. «Орбұлақ шайқасы» телехикаясының түсірілімдері Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Орбұлақтың өзінде жүргізілді. Тарихи сериалдарды түсіру - өте күрделі әрі қымбат процесс. Сондықтан бұл бағытта әзірге тек мемлекеттік арналар ғана қадам жасап келеді. Біз жыл сайын тарихи сериалдар санын көбейту міндетін алға қойып отырмыз. Келесі жылы Абай мен Әл-Фараби телехикаялары түсіріледі»,- деді «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Л.Танысбай.

Телехикаяның продюсері бұған дейін «Кейкі мерген», «Тар заман» тарихи туындыларын түсірген Мұрат Бидосов, кеңесшісі - жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Бексұлтан Нұржекеев.

8 бөлімді телехикая «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан 16-17 желтоқсан күндері cағат 14:50-де көрсетіледі.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар