Болат Мүрсәлім «Qazaqstan» арнасының директоры болып тағайындалды

26.09.2022

Болат Мүрсәлім, Ләззат Танысбай, Еркін Мұхамеджанов

2018 жылдан бері «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының директоры қызметін атқарып келген журналист, тележүргізуші Еркін Мұхамеджанов бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Басқарма төрайымының орынбасары болып тағайындалды.

«Еркін Мұхамеджанов отандық телевизияда, оның ішінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясында 22 жылдан бері қызмет етіп келеді. Еңбек жолын аймақтық телеарнадан тілші болып бастап, телевизияның барлық сатысынан өтті. Кәсіби біліктілігі мен саладағы терең тәжірибесі Корпорацияның одан әрі дамуына ықпал ететініне сенемін», - деді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

 «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының директоры қызметіне Басқарма төрайымының шешімімен журналист Болат Мүрсәлім тағайындалды.

«Болат Мүрсәлімнің телевизия нарығындағы тәжірибесін ескере отырып, Ұлттық арна эфирінде әрі қарай да тың бағыттағы жобалар пайда болып, қатарымызға жаңашыл кадрлардың қосылатынына сенім білдіремін. «Qazaqstan» телеарнасы соңғы жылдары қоғамдық-саяси сипат ала бастады. Соған сәйкес Корпорация қоғамдық, саяси, әлеуметтік бағыттағы жобалардың эфирге көптеп шығуына мүдделі», - деп атап өтті Л.Танысбай.

Б.Мүрсәлім 2022 жылғы тамыз айынан бері «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Бас редакторы қызметінде болды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар