«Qazaqstan» телеарнасы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай деректі фильм түсірді

27.09.2022


«Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан Халық жазушысы, журналист Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай «Бірегей» деректі фильмі эфирге шығады. Фильм жазушының туған жері Жамбыл облысының Жуалы ауданында түсірілген. Деректі туындыда Шерхан Мұртазаның қаламгерлік қыры мен телевизия қайраткері ретіндегі болмысы кеңінен баяндалады. Талапты ауылындағы өзі тұрған үйден табылған, 1949 жылдан бастап өмірінің соңына дейінгі жазған хаттары мен күнделіктерінен үзінділер беріледі.

Сонымен қоса фильмде Ш.Мұртазаның «Алтын қордағы» дауысы мен бейнематериалдар пайдаланылған.

«Биыл Шерхан Мұртаза негізін қалап, «Qazaqstan» телеарнасынан үздіксіз көрсетіліп келе жатқан «Таңшолпан» бағдарламасына 30 жыл толады. Бұл ұлттық арнаның ең ұзақмерзімді жобасы және отандық телевизия тарихындағы алғашқы таңғы бағдарлама. Мерейтойға орай «Qazaqstan» мен «Abai tv» арнасынан арнайы хабарлар көрсетілсе, Қазақ радиосында Шерхан Мұртаза апталығы өтеді», - дейді «Қазақстан» телерадиокорпорацисының Басқарма төрайымы Л.Танысбай.

Деректі фильмде ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, жазушы-публицист Уәлихан Қалижан, жазушы-журналист Көсемәлі Сәттібай, Қали Сәрсенбай, мемлекет және қоғам қайраткері Серік Әбдірахманов, Мәжіліс депутаты Мейрамбек Төлепберген және Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының қызметкерлері мен туыстары еске алып, қаламгердің өмірі мен еңбек жолы жайындағы естеліктерімен бөліседі.

«Бірегей» деректі фильмі «Qazaqstan» телеарнасынан 28 қыркүйек 14:10-да, «Abai tv» арнасынан 19:00-де эфирге шығады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар