«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2023 жылға арналған жаңа телехикаялар бойынша ұсыныстарға байқау жариялайды

23.08.2022


«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2023 жылға арналған жаңа телехикаялар бойынша ұсыныстарға байқау жариялайды.

Ұсыныстар тарихи хикая, драма, комедия жанрында келесі бағыттар бойынша қабылданады:

    • тарихи тұлғалар және тарихи мұраны насихаттау;

    • ауыл тіршілігі (мал шаруашылығы/жер игеру);

    • ішкі туризм (Түркістан, Маңғыстау);

    • еңбек адамы;

    • есірткіге қарсы күрес;

    • жастарды спортқа баулу;

    • ұлттық, отбасылық құндылықтар, тағы басқалар.

Тарихи тұлғалар тақырыбы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлы, Санжар Асфендияров, Әбілхан Қастеев және тарихта есімі қалған қазақ қыздарының өмірі жайындағы туындыларға ұсыныстар қаралады.

Байқауға қатысушы компания арнайы концепция жолдауы керек. Онда жобаның идеясы, жанры, сметасы, компанияның техникалық жағдайы, мамандарының біліктілік құрамы және фильмографиясы қамтылуы тиіс. Ұсыныстар фильмдер мен телехикаялар өндірісінде тәжірибесі бар, техникалық мүмкіндігі жоғары компаниялардан қабылданады.

Өтініштерді 2022 жылғы 30 қыркүйекке дейін serial@qazaqstan.tv электронды поштасы арқылы жолдай аласыздар.

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: 8 (717) 2 75 71 08.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар