«Qazaqstan» телеарнасы «Нартәуекел» интеллектуалдық жобасына қатысуға шақырады

08.08.2022

Күзгі жаңа телевизиялық маусымнан бастап «Qazaqstan» телеарнасынан «Нартәуекел» интеллектуалдық шоуы эфирге шығады.

Жоба барысында қатысушылар түрлі бағыттағы интеллектуалдық сұрақтарға жауап бере отырып, 1 миллион теңге қаржылай жүлдеге ие бола алады. Жүлде қоры демеуші есебінен беріледі. 

Интеллектуалдық жобаға бүгіннен бастап тек 18 жастан асқан қазақстандықтар өтінім бере алады. Өтінімдер qazaqstan.tv сайты арқылы 2022 жылғы 20 тамызға дейін қабылданады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар