«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Қорқыт» тарихи телехикаясына кастинг жариялайды

03.08.2022

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түркі елдеріне ортақ аңыз тұлға, ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт ата туралы телехикая түсіреді. Осы орайда тарихи тұлғаның аңыз-әфсанаға толы өмірі мен шығармашылығы туралы 4 бөлімнен тұратын көркем туынды актерлеріне кастинг жарияланады. Телехикаяға өнертанушы, этнограф Берік Жүсіпов кеңесшілік етеді. Жоба продюсері - Шолпан Батырбаева.

Кастингке: 

Басты кейіпкер Қорқыт рөліне 15 пен 40 жастағы ер-азаматтар;

Қарт Қорқыт рөліне 70 жас шамасындағы ер адам

Сондай-ақ қосалқы рөлдерге 25-40 жас аралығындағы қыз-келіншектер қатыса алады. 


Үміткерлер өзі туралы ақпаратты (фото, видео, фильмография) 2022 жылғы 15 тамызға дейін casting@qazaqstan.tv электронды поштасына жолдауы тиіс. 

Қосымша ақпарат: +7 777 022 13 22.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар