5 маусым республикалық референдум күні пікір алмасу онлайн-алаңы ұйымдастырылады

02.06.2022

 

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2022 жылғы 5 маусым Республикалық Референдум күні Нұр-Сұлтан қаласында ел көлеміндегі ең ауқымды «РЕФЕРЕНДУМ» онлайн марафонын ұйымдастырады. Қазақстандық медиа кеңістігіндегі тұңғыш саяси шара таңғы сағат 09:00-ден бастап түнгі 01:00-ге дейін жалғасады және отандық БАҚ-тардың интернет ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшаларында онлайн-трансляцияланады.

Онлайн марафонның негізгі мақсаты – референдум барысынан жедел ақпараттар беру, қоғамның түрлі топтарына саяси пікірталас алаңын ұсыну, дауыс берудің алдын ала қорытындысын ашық талқылау. Марафон барысында әр саланың өкілдері және эксперттердің қатысуымен брифингтер, дауыс беру барысы туралы еліміздің барлық өңірінен тікелей қосылымдар, дискуссия алаңдары ұйымдастырылады.  Дискуссия алаңындағы талқылаулар республикалық теле және радиоарналардан тікелей эфирде беріледі.

Шараға депутаттар, саясаттанушылар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, әр саладағы белсенді жастар мен мәдениет, спорт саласының өкілдері және журналистер қатысады.



Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар