«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы Медиамектебінің алғашқы кезеңі аяқталды

25.05.2022

     

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ның телевизия мамандарына арналған Медиамектебінің алғашқы түлектеріне сертификат табыстады.

     Отандық ақпарат кеңістігінде телерадиоарналар жанынан құрылған тұңғыш республикалық медиамектеп 2021 жылғы қараша айында жұмысын бастады. 7 ай мерзім аралығында медиамектепте қазақстандық ЖОО-ның журналистика, кино және телевизия, режиссура факультетінің 30 студенті ақысыз негізде практикалық курстардан өтті.

     Шарада «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ның құрылымдарына қызметке және кадрлық резервіне қабылданған медиамектеп түлектерінің есімдері аталды. Медиамектептің 7 үздік түлегі еңбек жолын Корпорацияға қарасты «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы және «Abai Tv» телеарнасынан бастайды.

«Отандық басқа да мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары салаға қосылатын жас мамандарды практикалық тұрғыдан шыңдап, тәжірибеден өткізу және кадрлық резервке енгізу тәжірибесін қолға ала бастауы тиіс. Бұл – күнде өзгеріске ұшырап жатқан медиа саласы үшін маңызды. Осы ретте «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тағы бір жобасы – «Balapan» арнасының жанынан құрылған ерекше балаларға арналған анимация мектебі де үздік мысал», - деді сөзінде министр Асқар Омаров.

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» Медиамектебінің алғашқы кезеңі бойынша жұмысқа қабылданған түлектер:

- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің IV курс студенті Абылқайырова Гүлзада - «Таңшолпан» бағдарламасы;

- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің IV курс студенті Маралбай Сандуғаш - «Таңшолпан» бағдарламасы;

- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің IV курс студенті Түгелбай Әлия - «1001 түн» бағдарламасы;

- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті IV курс Қамзина Мадина - «1001 түн» бағдарламасы;

- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің IV курс студенті Әлімхан Ажар - анонс бөлімі;

- Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің IV курс студенті Ерболат Айбота – «Алтын қор» бөлімі;

- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті IV курс Алпысбай Айна - «Abai TV» телеарнасы;

Кадрлық резервке қабылданған медиамектеп түлектері:

- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің III курс студенті Айтбай Аймереке;

 - Қазақ Ұлттық өнер университетінің III курс студенті Қуаныш Өмірбек; - Астана IT университетінің III курс студенті Бекзат Бердібек;

- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің IV курс студенті Аңсаған Ермек.

«Біздің мақсатымыз - тәжірибемен, біліммен бөлісу, қарашаңырақтағы кадрлар сабақтастығын жалғау. Осы ретте «Қазақстан» телерадиокорпорациясының телевизия мамандарына арналған медиамектебінің жұмысы тұрақты түрде жалғасатынын хабарлаймыз. Ірі медиақұрылым ретінде еңбекке енді араласатын жас мамандарға қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Медиамектептің екінші кезеңіне өтінімдер қабылдау мерзімі қосымша жарияланады.




Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар