Камал Смайылов пен Сағат Әшімбаев атындағы телевизиялық «Жалын» жастар байқауы жарияланады

11.04.2022


«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жазушы-публицист, өнертанушы, телевизия қайраткері Камал Смайыловтың 90 жылдығына және тележурналист, жазушы, қоғам қараткері Сағат Әшімбаевтың 75 жылдығына орай «Жалын» телевизиялық жастар байқауын жариялайды.

Конкурсқа жоғары оқу орындарының студенттері мен 30 жасқа дейінгі жас журналистер және режиссерлер қатыса алады.

Байқаудың мақсаты - жоғары оқу орындарының студенттері түсіретін телефильмдер мен телебағдарламалар өндірісіне қолдау білдіру, телемамандар арасындағы мәдени және шығармашылық байланыстарды нығайту әрі дамыту, ұлттық телевизиялық мектептің жетістіктерін дәріптеу арқылы Қазақ телевизиясының қайраткерлері Камал Смайылов пен Сағат Әшімбаевтың есімін ұлықтау.

Конкурс шарттары:

Конкурсқа 2021-2022 жылдары түсіріліп, эфирге шыққан қазақ тіліндегі авторлық шығармашылық жұмыстар қабылданады. Конкурс жұмыстары 2022 жылғы 30 сәуірге дейін qazaqstan.tv сайты арқылы жолдануы тиіс.

Байқау аталымдары:

Үздік деректі фильм

Үздік режиссерлік жұмыс

Үздік авторлық бағдарлама

Үздік сюжет


Жеңімпаздарды ұйымдастырушылар мен арнайы құрылған комиссия анықтайды. Үздік шыққан жоба иегерлері қаржылай сыйлықтармен марапатталып, жұмыстар «Қазақстан» РТРК» АҚ ресми сайтына орналастырылады.

Телевизиялық «Жалын» жастар конкурсы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бүгінде Корпорацияның «Алтын қорында» 1980-1991 жылдары Камал Смайылов пен Сағат Әшімбаевтың жетекшілігімен ашылған ұлттық телевизия жауһары саналатын «Асыл мұра», «Көкпар» , «Қымызхана», «Алтыбақан» «Айтыс», «Терме», «Тамаша», «Парыз бен қарыз», «Жүректен» қозғайық» бағдарламалары сақтаулы.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар