«Наурыз-2022» ұлттық сыйлығы үміткерлеріне дауыс беру басталды

07.03.2022

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, ұлттық құндылықтардың насихатталуы мен дамуына елеулі үлес қосып жүрген жандар арасында «Наурыз-2022» Ұлттық сыйлығына байқау жариялайды.

Елімізде биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған жоба ұлттық мәдениет пен руханият, ұлттық өнер және ұлттық спорт өкілдері арасында өткізіледі.

Байқау жеңімпаздары биыл «Үздік айтыскер», «Үздік күйші», «Үздік әнші», «Үздік жыршы», «Үздік зергер», «Үздік шебер», «Үздік тоқыма шебері», «Үздік ұлттық спорт шебері» аталымдары бойынша анықталады.

Жобаға 8 аталым бойынша барлығы 114 үміткер қатысуда. Олардың арасында айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков, Еркебұлан Қайназар, Мұхтар Ниязов, күйші Айгүл Үлкенбаева, Айтолқын Тоқтаған, Асылбек Еңсепов, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали, Клара Төленбаева, Айгүл Қосанова, Еркін Шүкіман, жыршы Айгүл Елшібаева, Елмұра Жаңаберген, Күнсұлу Түрікпен, зергер Өтепқали Өміров, Серікқали Көкенов, Төлепберген Сарманбеков, қолөнер шеберлері, ежелгі ұсталық өнерді жаластырушылар Дәулет Дәркембайұлы, Үмбетовтер отбасы, Азат Үзенбаев, Бақыт Кеңшілік және көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық спорт түрлерінің шеберлері бар.

Байқау қатысушыларына дауыс беру 2022 жылғы 13 наурызға дейін «Qazaqstan» телеарнасының www.qazaqstan.tv ресми сайты арқылы жүргізіледі. Жеңімпаз (әр аталым бойынша 1 үміткер) «Тайқазан» естелік статуэткасы және 500 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады.

ДАУЫС БЕРУ - https://vote.rtrk.kz/  

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар