Бүгін «Qazaqstan» телеарнасы түсірген «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін» телехикаясы эфирге шығады

05.02.2022


Бүгіннен бастап «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай түсірген «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін» тарихи телехикаясы эфирге шығады.

4 бөлімді телехикая Мұқағали Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары - 1973 жылдан 1976 жылға дейінгі кезеңіне арналған, осы уақыт аралығындағы ақын өміріне бетбұрыс әкелген ірі оқиғалар қамтылады. Туындыда қаламгер тағдырының қиын-қыстау кезеңінде шығармашылығын мойындап, жанынан табылған ұлт тұлғалары - Бауыржан Момышұлы, Асқар Сүлейменов, Тоқаш Бердияров, Нұрғиса Тілендиев, Фариза Оңғарсынованың бейнелері бар.

Басты рөлді белгілі актер Азамат Сатыбалды, жары Лашын Әзімжанованың рөлін Ақбота Қаймақбаева, Бауыржан Момышұлын Бақытжан Әлпейіс, Нұрғиса Тілендиевтің рөлін Бақыт Беделхан, Асқар Сүлейменовты Мақсат Сәбитов, досы Тоқаш Бердияровтың рөлін Рүстем Жаныаманов, Фариза Оңғарсынованың рөлін Ажарлым Мағзұм ойнайды.

Телехикая режиссері - Дархан Сәркенов, сценарий авторы - Қанат Рамазан.

«Телехикаяның әр бөлімінде ақынның жан-дүниесіне төңкеріс әкелген негізгі тылсым оқиғаларды өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының келбетімен көрсетеміз. Телехикаяны көре отырып, көреремен «қазақ поэзиясының мұзбалағы» атанған ақынның қай ғасырда болсын ізі өшпейтіні, оны уақыт өткен сайын өзгеше зерттей беретінімізді түсінеді. Телехикая Мұқағали Мақатаевтың бүгінге дейін жұмбақ болып келген құпияларына үңілу арқылы Мұқағали феноменінің өзгеше тұстарын ашуды мақсат тұтады», - дейді  сценарий авторы Қ.Рамазан.

Телехикаяның түсірілім жұмыстары Алматы қаласы мен Алматы облысында өтті.

 «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін» тарихи телехикаясы «Qazaqstan» телеарнасынан 5,6 ақпан күндері сағат 20:50-де эфирге шығады.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы өткен жылы 6 тарихи телехикая түсірді. «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Домалақ ана», «Қаныш. Қазына» туындылары көпшілік назарына бұған дейін ұсынылса, ақпан айына «Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін» және Бөкей ордасын билеген Жәңгір хан тұлғасына арналған «Сарай сыры» телехикаясының тұсаукесері жоспарланған. Жұмабек Тәшеневтің қайраткерлігі жайындағы «Тәшенев. Тайталас» телехикаясы көктемгі маусымда эфирге шығады.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар