«Qazsport» телеарнасы футзалдан ЕURO-2022 чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

18.01.2022


19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында 2022 жылғы футзалдан Еуропа чемпионаты Нидерландыда өтеді. Бұл жолғы додада алғаш рет 16 құрама бақ сынайды.

Сонымен қатар, УЕФА шешімі бойынша ЕУРО чемпионаты 4 жылда бір рет өткізіледі.

Қазақстан құрамасы 2016 жылғы Сербияда өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы В тобында Италия, Словения, Финляндиямен бірге бақ сынайды.

«Qazsport» арнасында тікелей эфирде өтетін Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:

20 қаңтар, 22:30. Қазақстан — Словения

25 қаңтар, 01:30. Финляндия — Қазақстан

28 қаңтар, 22:30. Қазақстан — Италия.

4 ақпанда - Жартылай финал

6 ақпанда - Финалдық бәсеке.

Онлайн трансляцияны qazsporttv.kz  ресми сайты мен Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы онлайн тамашалауға мүмкіндік бар.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар