Бүгін «Qazaqstan дауысы» мегажобасының жеңімпазы анықталады

25.12.2021


Төрт ай бойы отандық телеарналардағы сенбілік бағдарламалар арасында топ жарып, рейтинг бойынша көш бастаған әйгілі «The Voice» шоуының қазақстандық нұсқасы мәреге жақындады. Бүгін 4 тәлімгер мен 4 үміткер арасынан үздігі анықталады.

Биыл жобаға қатысуға www.qazaqstan.tv ресми сайты мен аймақтағы іріктеулер арқылы 6000-нан астам адам өтінім беріп, бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты. Олардың арасынан алғашқы кезеңге 100-ден астам қатысушы шақырту алды. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі таланттардың басын қосқан жобаға Украина, Қырғызстан, Грузия, Қытай елдерінен үміткерлер қатысты.

Бұған дейін олар «Көрмей таңдау», «Жекпе-жек», «Жарға жығу», тікелей эфирдегі сайыстар мен «Жартылай финал» кезеңдерінде бақ сынаған болатын. Тәлімгер Майра Мұхамедқызының тобынан финалға Ернар Амандық, Сәкен Майғазиевтің тобынан Құралай Мейрамбек, Маржан Арапбаеваның тобынан Аружан Айдарбек, ALEM-нің тобынан Ерік Төленов жолдама алды. Бүгін 4 үміткердің біреуі «Qazaqstan дауысы» атанады.

Ал жобаның жеңімпазы көрерменнің дауыс беруі арқылы анықталады. Ол үшін жанкүйерлер үміткердің реттік нөмірін 5708 нөміріне жолдауы тиіс.

«Qazaqstan дауысы» жобасы «Qazaqstan» телеарнасынан бүгін сағат 20:40-та тікелей эфирге шығады.

Қатысушылар тек вокалдық қабілеттеріне қарай таңдалатын «The Voice» жобасы әлемнің 100-ден астам елінде көрсетіледі. Әйгілі телешоудың қазақстандық нұсқасы апта сайын әлемдік «Best of the Voice» рейтингісіне еніп, жоғары көрсеткішке ие болды. Ал қатысушылардың жобада орындаған әндері YouTubе-тағы ресми арнада 37 миллионнан астам қаралым жинады.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар