«Qazaqstan» телеарнасы пандемияда өмірден өткен тұлғаларды еске алады

23.12.2021

Әлемдік пандемия басталғалы елімізде 12 мыңнан астам адам көз жұмды. Олардың арасында отандық ғылымның көш басындағы ғалымдар, экономика, медицина, әдебиет, музыка, театр және кино, журналистика саласының тарландары бар. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы әр салада өшпес із қалдырған, қазақтың дара тұлғаларының өмірі мен еңбек жолына арналған «Жұлдыздар аққан жыл» арнайы жобасын әзірледі.



Жобада отандық ғылым мен білімнің дамуына атсалысқан ғалымдар Рәбиға Сыздықова, Өмірзақ Айтбаев, Алшынбай Рақышев, Кенжеғали Сағадиев, Еділ Ерғожин, Нағима Айтқожина, Әбсаттар қажы Дербісәлі, Абдулла Сапаров;

Әдебиет өкілдері Серік Қирабаев, Қажығали Мұхамбетқали, Мырзагелді Кемел, Несіпбек Дәутайұлы, Аманхан Әлімұлы, Есенғали Раушанов;

Қазақтың ән өнеріне өлшеусіз үлес қосқан майталмандар Люция Төлешова, Кеңес Дүйсекеев, Ескендір Хасанғалиев, Бахтияр Аманжолов, Яков Хан, Нұрлан Байгөзов, Ахмедия Есмұханов;

Отандық кино және театрдың көрнекті өкілдері Әлімғазы Райымбеков, Ғазиза Әбдінәбиева, Дархан Дайырбек, Сатыбалды Нарымбетов, Болат Атабаев;

Қаламы қарымды журналистер Сұлтан Оразалин, Қалыбек Атжан, Нұртілеу Иманғалиұлы, Нұрперзент Домбай, Жолдасбек Дуанбай, Қуандық Шамахай, Амангелді Сейітхан, Бейсен Құранбек туралы әріптестері мен үзеңгілестері сыр шертеді.

«Жұлдыздар аққан жыл» деректі бағдарламасы «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан 25 желтоқсан 16:15-те, «Abai tv» арнасынан 21:35-те эфирге шығады. Жобада індеттен көз жұмған айтулы тұлғаларға арнап түсірілген «Тұлғалар қайтып барады» бейнебаяны көрсетіледі.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар