«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Абай телехикаясының актерлеріне кастинг жариялайды

06.02.2020

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай түсіретін телехикая актерлеріне байқау жариялайды.

Кастингке актерлік қабілеті бар, 17 мен 40 жас аралығындағы қолаң шашты, қою қасты қыз-келіншектер мен 15 пен 50 жас аралығындағы кескін-келбеті келіскен, атқа отыра алатын ер-азаматтар қатыса алады.


Бұған дейін телехикаяның сценарийіне байқау жарияланып, отандық тәжірибелі өндірушілерден үш ай бойы өтінімдер қабылданған болатын. Бүгіннен бастап Телерадиокорпорацияның шығармашылық бірлестігі мен арнайы құрылған Көркемдік кеңестің қабылдаған нұсқасы бойынша түсірілім жұмыстарына әзірлік басталды.

Үміткерлер өзі туралы ақпаратты (фото, видео) 15 ақпанға дейін casting.abai@kaztrk.kz поштасына жолдай алады. 

Қосымша мәліметтер үшін: 8 747 706 64 94, 8 707 401 55 91.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар