«Qazaqstan» Ұлттық арнасынан «Nur Tileý» бағдарламасы жарыққа шығады

23.08.2019

«Qazaqstan» Ұлттық арнасынан жаңа маусымда ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Нұртілеу Иманғалиұлының жүргізуімен «Nur Tileý» апталық бағдарламасы экранға шығады.

Ұлттық арна әзірлеген жаңа тележоба жүргізуші мен кейіпкер арасындағы интеллектуалды диалогқа құрылған.

Бағдарламада жүргізуші Нұртілеу Иманғалиұлы елімізге танымал мемлекет және қоғам қайраткерлерімен, депутаттармен, министрлермен, облыс әкімдерімен, саясаткерлермен,, жазушы-ғалымдармен, спортшы және кәсіпкерлермен қоғамның көкейтесті әлеуметтік мәселелері бойынша сұхбат құрады.

«Мен өз арнама, Ұлттық арнама қайта оралдым. Бағдарлама атауының менің атыммен аталуы еселі жауапкершілік жүктеп отыр. Қонақ пен көрермен арасында алтын көпір бола аламыз ба, оны уақыт көрсетеді!», — дейді тележүргізуші.

Алғашқы хабар «Qazaqstan» Ұлттық арнасының эфирінен 6 қыркүйекте шығады.

Айта кетейік, биылғы күзгі маусымға «Qazaqstan» Ұлттық арнасы 14 жаңа жоба әзірледі. Тағы 10 бағдарлама жаңа форматта көрерменге қайта ұсынылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар