Ләззат Танысбай: «Қазақстан» телерадиокорпорациясының жарнама табысы бір жылда 40%-ға өсті

20.09.2023
Ләззат Танысбай: «Қазақстан» телерадиокорпорациясының жарнама табысы бір жылда 40%-ға өсті

Бұл туралы бүгін Астанада басталған дәстүрлі Astana Media Week-2023 апталығы аясында «Қазақстан» РТРК Басқарма Төрайымы Ләззат Танысбай айтты.

Айтуынша, отандық телевизия тарихында мемлекеттік арна рейтинг бойынша тұңғыш рет үздік үштікке енді. Қазір «Qazaqstan» телеарнасы 96,9% үлеспен қазақ және орыстілді арналар арасында екінші орында. Бұл ретте Ләззат Танысбай кез келген БАҚ жұмысының сәтті жүріп жатқанының көрінісі саналатын жарнамалық кірістер туралы мәліметтерді келтірді.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының жаңа жарнама серіктестерінің арасында тек интернет-платформаларда жұмыс істейтін Wildberries, AliExpress, OZON сияқты маркетплейстер бар. Бұл маркетплейстер бүгінде «Qazaqstan» Ұлттық арнасының аудиториясы арасында өзінің клиенттер пулын кеңейтуде. Сондықтан дәстүрлі БАҚ жойылып бара жатыр деу қате түсінік, тек аудиторияға өнімді жеткізу формалары өзгерді. Корпорацияның өткен жылдық жарнамалық табысының 40%-ға артуы жарнама берушілердің де, аудиторияның да сенімінің артқанының көрінісі», - деді Ләззат Танысбай.

Astana Media Week-2023 жетінші медиаапталығының тақырыбы – «Media power: тенденциялар, өзгерістер, этика». Шараға ұлттық ведомстволар мен телеарналардың басшылары, Түркия, Корея, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген танымал журналистер мен продюсерлер қатысып жатыр.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелері басшыларының және олардың орынбасарларының ресми сөздері мен ресми мәлімдемелерінің мәтіндері;»

Аймақтық арналар