Соңғы жылдары телекөрерменнің сенімді сараптамаға сұранысы артты - Ләззат Танысбай

20.12.2022
Соңғы жылдары телекөрерменнің сенімді сараптамаға сұранысы артты  - Ләззат Танысбай

Астанада өтіп жатқан І Орталық Азия медиафорумының «Сараптаманың медиа трансформациясы» тақырыбындағы дөңгелек үстелде БАҚ-тың кәсіби сарапшылармен, саяси шолушылармен, аналитиктермен ықпалдастығы, медианалитика мәселелері талқыланды.

Талқылауға «Валдай» халықаралық пікірталас клубын дамыту және қолдау қорының Басқарма төрағасы Андрей Быстрицкий, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай, ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Умаров, «Медиа дамыту қоры» корпоривтік қорының Бас директоры Евгений Кочетов, ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы Айдар Құрмашев қатысты.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай «Qazaqstan» теларнасының ақпараттық-сараптамалық бағыттағы жобалары «Ақпарат» шығарылымының рейтингтік үлесі бір жылда 30 пайызға, «Ашық алаң» саяси ток-шоуының рейтингі 18 пайызға артқанын айтты. «Бұл көрсеткіштер аудиторияның саяси бағыттағы салмақты жобаларға сұранысының бар екеніне нақты жауап бола алады. Көрерменнің сенімді сараптамаға деген сұранысының артуы сарапшыларға артылып отырған жауапкершілік», - деді Ләззат Танысбай.

«Qazaqstan» теларнасының тек күнсайынғы жаңалықтарына 10-15 сарапшы қатысады, ал үш жылдан бері тұрақты шығып келе жатқан «Ашық алаң» бағдарламасына бір жылда 800 -ге жуық сарапшы келеді.

«Осыдан бірнеше жыл бұрын эфирге эксперт шақыру қиын болса, қазір аудиторияға ықпал ете алатын жаңа есімдер, кәсіби сарапшы мамандар қатары артты. Қазіргідей ақпарат ағыны күшейген тұста журналистер мен сарапшы аналитиктердің бірлесе қызмет етуі қажет үрдіс», - деп атап өтті Басқарма төрайымы.

Орталық Азия Медиа Форумының күн тәртібіндегі басты мәселе – бірыңғай медиа платформа қалыптастыру. Екі күн бойы іс-шараға халықаралық деңгейдегі белгілі ғалымдар, саясаткерлер, журналистер, медиа саласындағы халықаралық ұйымдардың 100-ден астам өкілі қатысады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелері басшыларының және олардың орынбасарларының ресми сөздері мен ресми мәлімдемелерінің мәтіндері;»

Аймақтық арналар