Мәжіліс сайлауына қатысатын саяси партиялар назарына

14.12.2020
Мәжіліс сайлауына қатысатын саяси партиялар назарына

Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі сайлауына қатысатын саяси партиялар назарына!

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Мәжіліс сайлауы қарсаңында «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы арқылы теледебат өткізуді жоспарлап отыр. Тікелей эфирде көрсетілетін жобада 1 сағат бойы үміткер партиялар өз сайлауалды бағдарламаларын қорғап, қарсылас партиялармен ашық дискуссия жасауға, сайлаушылар тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап беру мүмкіндігіне ие.

Теледебат 2020 жылғы 22 желтоқсан күні сағат 20:30-ға жоспарланған.

Саяси партиялар теледебатқа қатысу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласа алады: 8 (717) 2 75-70-78, 75-71-49.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабы.

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

18-тармақша. Жаңалықтар легін жариялауға міндетті;

Аймақтық арналар