2021 жылға арналған аутсорсинг компаниялар арасындағы байқау

19.10.2020
2021 жылға арналған аутсорсинг компаниялар арасындағы байқау

«Balapan» телеарнасы 2021 жылға арналған аутсорсинг компаниялар арасындағы байқау уақытын 10 қарашаға дейін ұзартты.

Өтінімдер 2020 жылдың 10 қарашасына дейін balapantv@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы қабылданады. Жобалардың презентациялық нұсқасы Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі 4 (4-қабат, 016-кабинет) «Balapan» телеарнасының кеңсесіне міндетті түрде жеткізілуі тиіс. Қатысушы аутсорсинг компанияның анимация, телевизия саласындағы тәжірибесі болуы шарт.

Толық ақпаратты 8(7172)75-70-89 телефонына немесе balapantv@kaztrk.kz электронды поштасына хабарласып алуға болады.

Бағдарламаның жанрлық бағыты:

- оқу-танымдық анимациялық сериалдар (экологиялық сауаттылық, тұлғатану, жалпы сауат ашу, ағартушы-энциклопедиялық, қауіпсіздік ережелерімен таныстыратын бағыттарда);

- танымдық анимациялық сериалдар (этно-фольклорлық, табиғаттану, эпостық жырлар сериясы);

- шытырман оқиғалы анимациялық сериалдар (суперқаһармандар, т.с.с.);

- ойын-сауықтық анимациялық сериалдар;

- музыкалық анимациялық сериалдар;

- оқу-танымдық бағдарламалар;

- ойын-сауықтық бағдарламалар;

- ситкомдар;

- спорттық жобалар (отбасылық спорттық шоу, кәсіби спортты насихаттайтын бағдарлама, т.с.с.) бағыттарында түрлі ұсыныстар күтеміз.

«Balapan» телеарнасы көркемдік кеңестің талқысынан өткен жоба авторларына ғана хабарласатынын мәлімдейміз.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабы.

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

18-тармақша. Жаңалықтар легін жариялауға міндетті;

Аймақтық арналар