«Шәмшінің әнін шырқа!» әуендер жобасы

04.08.2020
«Шәмшінің әнін шырқа!» әуендер жобасы

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы «Шәмшінің әнін шырқа!» әуендер жобасын жариялайды.

 15 тамыз - Қазақстанның Халық әртісі, белгілі сазгер, «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Шәмші әндері әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алып, көңіл пернесін дөп басады.

 «Қазақстан» телерадиокорпорациясы композитордың 90 жылдық мерейтойына орай, әлеуметтік желіде «Шәмшінің әнін шырқа!» әуендер жобасын жариялайды. Жобаға қатысу үшін сазгердің өзіңіз сүйіп тыңдайтын әнін орындап, әлеуметтік желідегі парақшаңызға жариялаңыз. Жарияланымға #Шәмші90жас хештегін қойып, @qazaqstantv парақшасын белгілеу қажет.

 Қатысушылардың жас шамасына шектеу қойылмайды. 

 Қосымша талаптар: 

- Әнді толық орындау;

- Ұялы телефонды көлденең (горозонталды) түрде қойып түсіру;

 Ең сәтті шыққан түсірілімдерден бейнебаян әзірленіп, «Qazaqstan» және «Abai» телеарналарының эфирінен көрсетіледі. 

 Шәмші әндерін қосылып шырқайық!

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабы.

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

18-тармақша. Жаңалықтар легін жариялауға міндетті;

Аймақтық арналар