
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Айгөлек» жобасына онлайн байқау жариялайды.
Балалардың музыкалық мәдениетін дамытуға бағытталған «Айгөлек» республикалық телевизиялық балалар байқауының жаңа маусымының іріктеу кезеңіне онлайн өтінімдер қабылданады. Жобаға қатысуға ниетті 5-10 жас аралығындағы дарынды балалар еліміздің кез келген өңірінен aigolek.2020.kz@gmail.com поштасына онлайн өтінім жібере алады. Ол үшін арнайы бейнежазба түсіріп, көрсетілген электронды мекенжайға жіберу шарт. Өтінімдер 20 тамызға дейін қабылданады.
Сондай-ақ 5-9 жастағы балалар арасында жүргізушілерге байқау жарияланады. Жобаға үш жүргізуші таңдалады. Ол үшін өлең, қара сөз оқып видеоға түсіп, сілтемені aigolek.2020.kz@gmail.com поштасына жолдау қажет.
Толығырақ ақпаратты төмендегі байланыс нөмірлері бойынша біле аласыздар:
+7 701 326 2974.
Онлайн өтінім қабылдау бойынша:
Хореография: +7 747 788 76 64
Вокал: +7 775 758 00 38
Дәстүрлі ән: +7 701 326 29 74.