«Abai tv» арнасы 2023 жылға арналған жаңа жобаларға байқау жариялайды

16.11.2022
«Abai tv» арнасы 2023 жылға арналған жаңа жобаларға байқау жариялайды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамындағы «Abai TV» мәдени-ағарту телеарнасы 2023 жылға арналған жаңа жобаларға байқау жариялайды.

Ұсыныстар келесі тақырыптық бағыттар бойынша қабылданады:

- Ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы;

- Ұлттық және әлемдік мәдениетті дәріптеуге бағытталған жобалар;

- Тарихи-танымдық бағдарламалар;

- Музыкалық-танымдық хабарлар;

- Тарихи-мәдени деректі фильмдер;

- Интеллектуалдық жобалар.

Байқауға қатысушы компания арнайы концепция жолдауы керек. Онда жобаның атауы, мазмұны, мақсаты, жанры, компания мамандарының біліктілік құрамы қамтылуы тиіс.

Үлгіні көшіріп алу

Ұсыныстар телевизиялық өнім өндіру саласында тәжірибесі бар компаниялардан ғана қабылданады.

Өтініштерді 2022 жылдың 15 желтоқсанына дейін korkemdikkenes@abaitv.kz электронды поштасы арқылы жолдай аласыздар.

Қосымша сұрақтар бойынша: 8(717) 2 39-62-38.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабы.

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

18-тармақша. Жаңалықтар легін жариялауға міндетті;

Аймақтық арналар