«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жаңа телехикаялар идеясына талқылау ұйымдастырады

14.10.2022
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы жаңа телехикаялар идеясына талқылау ұйымдастырады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Көркемдік кеңес мүшелері ASTANA MEDIA WEEK медиаапталығы аясында продакшн компаниялармен кездесіп, 2023 жылға арналған жаңа телехикаялар бойынша ұсыныстарды талқылауға әзір.

Егер телехикая өндірісіне үлес қосқыңыз келсе, тың идеяларыңыз бен сапалы телехикая түсіруге техникалық және шығармашылық мүмкіндігіңіз болса, 28 қазан, сағат 10:00-де Астана қаласы, «Қазмедиа» орталығында өтетін кездесуге шақырамыз.

Бұған дейін Корпорация 2023 жылға арналған сериалдар жобасына ұсыныстар қабылдау туралы байқау жариялаған болатын. 23 тамызда басталған байқау 1 қарашаға дейін жалғасады.

Ал ASTANA MEDIA WEEK аясында жобаңызды Корпорацияның Көркемдік кеңес мүшелеріне таныстырып, қорғауға мүмкіндігіңіз бар.

Қосымша сұрақтар бойынша: 8 (717) 2 75 71 08.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабы.

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

18-тармақша. Жаңалықтар легін жариялауға міндетті;

Аймақтық арналар