«Abai tv» телеарнасы 2022 жылға арналған жаңа жобаларға байқау жариялайды

17.11.2021
«Abai tv» телеарнасы 2022 жылға арналған жаңа жобаларға байқау жариялайды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Abai tv» мәдени-ағарту телеарнасына 2022 жылға арналған жаңа жобаларға байқауы. Ұсыныстар келесі тақырыптық бағыттар бойынша қабылданады:

➖Ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы;

➖Ұлттық және әлемдік мәдениетті дәріптеуге бағытталған жобалар;

➖Тарихи-танымдық бағдарламалар;

➖Музыкалық-танымдық хабарлар;

➖Тарихи-мәдени деректі фильмдер;

➖Интеллектуалдық жобалар.

Байқауға қатысушы компания ұсынатын жоба концепциясын 2021 жылғы 20 желтоқсанға дейін korkemdikkenes@abaitv.kz электронды поштасы арқылы жіберуі қажет.

Қойылатын талаптар: Қатысушы аутсорсинг компанияның телевизиялық өнім өндіру саласындағы тәжірибесі болуы шарт.

«Abai tv» телеарнасы Көркемдік кеңес талқысынан өткен жоба авторларына ғана хабарласатынын мәлімдейді.

Қосымша сұрақтар бойынша: 8(717) 2 39-62-38.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабы.

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

18-тармақша. Жаңалықтар легін жариялауға міндетті;

Аймақтық арналар