Әскери-патриоттық бағыттағы бағдарламаға конкурс

30.07.2020
Әскери-патриоттық бағыттағы бағдарламаға конкурс

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы әскери-патриоттық бағыттағы бағдарламаға конкурс жариялайды.

Ұсынылатын жобаға қойылатын негізгі талаптар:

?Қазақстан Қарулы Күштерінің қуаты мен әскерилердің жауынгерлік рухын көрсету;

?Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулып, патриоттық сезімін арттыру;

?Әскерге шақырылушылар бағдарлама арқылы қажетіне қарай Отан алдындағы борышын өтейтін аймағы, әскери бөлімі туралы қосымша ақпарат ала алуы тиіс;

Байқауға қатысушы компания арнайы концепциямен бірге портфолиосын жолдауы міндетті. Концепцияда жобаның құрылымы, сметалық шығыны, компанияның техникалық жағдайы қамтылады.

Өтініштер 2020 жылғы 20 тамызға kaztrk@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы «Әскери бағдарлама» атауымен қабылданады.

Байланыс телефоны: 8 (717) 2 75 71 28.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабы.

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

18-тармақша. Жаңалықтар легін жариялауға міндетті;

Аймақтық арналар