2022 жылға арналған жаңа телехикаялар бойынша ұсыныстарға байқау жарияланады

10.08.2021
2022 жылға арналған жаңа телехикаялар бойынша ұсыныстарға байқау жарияланады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2022 жылға арналған жаңа телехикаялар бойынша ұсыныстарға байқау жариялайды.

Ұсыныстар келесі жанрлық бағыттар бойынша қабылданады:

    - тарихи тұлғалар және тарихи мұраны насихаттау;

    - ауыл шаруашылығы;

    - Рухани астана - Түркістан;

    - Атажұртқа қоныс аударған қандастар туралы;

    - құтқарушылар;

    - жастарды спортқа баулу;

    - ұлттық қолөнер;

    - ұлттық, отбасылық құндылықтар, тағы басқалар.

Тарихи тұлғалар тақырыбы бойынша Әлихан Бөкейхан, Дина Нұрпейісова, Әлкей Марғұлан, Мағжан Жұмабаевтың өмірі туралы туындыларға ұсыныстар қабылданады.

Байқауға қатысушы компания арнайы концепция жолдауы керек. Жобаның идеясы, жанры, сметалық шығыны, компанияның техникалық жағдайы, мамандарының біліктілік құрамы және фильмографиясы қамтылуы тиіс. Ұсыныстар фильмдер мен телехикаялар өндірісінде тәжірибесі бар, техникалық мүмкіндігі жоғары компаниялардан ғана қабылданады.

Өтініштер 30 қыркүйекке дейін (kaztrk@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы) қабылданады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабы.

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

18-тармақша. Жаңалықтар легін жариялауға міндетті;

Аймақтық арналар