EURO 2020 Еуропа Чемпионатын трансляциялау құқығы туралы

10.06.2021
EURO 2020 Еуропа Чемпионатын трансляциялау құқығы туралы

Хабарландыру!

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы (әрі қарай - Қоғам) «TUCOM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жасасқан Шартқа (әрі қарай - Шарт) сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында EURO 2020 Еуропа Чемпионатын трансляциялау құқықтарының айрықша құқық иесі болып табылады.

«Авторлық және сабақтас құқық туралы» ҚР Заңының 16-бабына сәйкес айрықша құқық туындыны пайдалануды жүзеге асыруға рұқсат беру немесе тыйым салу құқығын білдіреді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 198-бабына сәйкес авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сол сияқты авторлық құқық (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын өткізу мақсатында иемдену немесе авторлықты иемденіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу қылмыстық теріс қылыққа жатқызылған және осыған қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар, Шарт талаптарына сәйкес жария қарау мақсатында Қоғам ресми хабар таратушы ретінде Қоғамның телевизиялық сигналын пайдалану шартында ақысыз негізінде қолжетімділікті ұсынады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тек қана «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының және «QAZSPORT» телеарнасының телевизиялық сигналын пайдалануды талап етуге құқылы.

Осы хат арқылы Қоғам EURO 2020 Еуропа Чемпионатын өткізу мерзімінде Қазақстан Республикасының аумағында жария көрсетілім тек қана «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында және «QAZSPORT» телеарнасында жүзеге асырылуы тиіс екенін хабарлайды.

EURO 2020 Еуропа Чемпионатын басқа арналарда трансляциялау фактілері анықталған жағдайда Қоғам өз құқықтарын қорғау үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге құқылы.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабы.

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

18-тармақша. Жаңалықтар легін жариялауға міндетті;

Аймақтық арналар