Қаныш Сәтбаев туралы телехикаяға кастинг жарияланды

26.04.2021
Қаныш Сәтбаев туралы телехикаяға кастинг жарияланды

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаев туралы телехикая түсіреді. 6 бөлімнен тұратын көркем туындыға актерлерді таңдауға кастинг жарияланады. 

Кастингке: 

Басты кейіпкер Қаныш рөліне бойы 190-195 см болатын 27-34 жас аралығындағы ер-азаматтар;

Сондай-ақ: 

Қазақ тілінде еркін сөйлейтін 25-30 жас аралығындағы орыс ұлтының қыз-келіншектері, қазақ тілін меңгерген 10-70 жас аралығындағы славян, орыс ұлтының азаматтары қатыса алады. 

Үміткерлер өзі туралы ақпаратты 25 сәуір-25 маусым аралығында casting@qazaqstan.tv электронды поштасына жолдай алады.

Толық ақпарат: 8 (707) 629 83 16, 8 (775) 368 64 11.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабы.

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

18-тармақша. Жаңалықтар легін жариялауға міндетті;

Аймақтық арналар