Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан және Міржақып Дулатұлының рөлін сомдауға кастинг жарияланады

20.04.2021
Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан және Міржақып Дулатұлының рөлін сомдауға кастинг жарияланады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Ахмет Байтұрсынұлы туралы түсірілетін тарихи телехикая актерлеріне кастинг жариялайды. Атап айтқанда, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлының және Бадрисафа Байтұрсынованың (қазақ тілінде еркін сөйлейтін славян халқынан) 30-70 жас шамасындағы кезін сомдауға басты рөл актерлеріне онлайн іріктеу жүргізіледі.

Үміткерлер өзі туралы ақпаратты (фото, видео) 2021 жылдың 1-31 мамыр аралығында casting@qazaqstan.tv электронды поштасына жолдауы тиіс.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмірін баяндайтын тарихи телехикая биыл эфирге шығады деп жоспарланып отыр.

Онлайн кастингке қатысушылар үшін қосымша байланыс нөмірі: +7 778 528 1218.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабы.

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

18-тармақша. Жаңалықтар легін жариялауға міндетті;

Аймақтық арналар