Ахмет Байтұрсынұлының рөліне онлайн кастинг жарияланады

08.02.2021
Ахмет Байтұрсынұлының рөліне онлайн кастинг жарияланады

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Ахмет Байтұрсынұлы туралы түсірілетін тарихи телехикая актерлеріне кастинг жариялайды. Ахмет Байтұрсынұлының 25-35 және 45-65 жас шамасындағы кезін сомдауға басты рөл актерлеріне онлайн іріктеу жүргізіледі. 

Үміткерлер өзі туралы ақпаратты (фото, видео) 2021 жылғы 1 сәуірге дейін casting@qazaqstan.tv электронды поштасына жолдауы тиіс.  

Мемлекет қайраткері, ағартушы А.Байтұрсынұлының өмірі мен ұлтқа сіңірген еңбегін баяндайтын тарихи телехикая биыл эфирге шығады деп жоспарланған.  

Онлайн кастингке қатысушылар үшін қосымша байланыс нөмірі: +7 706 408 5868.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабы.

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

18-тармақша. Жаңалықтар легін жариялауға міндетті;

Аймақтық арналар