Республикалық бюджет

Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы мәліметтер.

2025 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамы мемлекеттік тапсырманы іске асырудың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің орындалуын қамтамасыз етті.

Мемлекеттік тапсырманы іске асырудың тікелей нәтижелері 2025 жылға арналған төмендегі жылдық хабар тарату көлемдерін қамтамасыз ету болып табылады:

— «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы бойынша – кемінде 7 300 сағат;

— «QAZSPORT» телеарнасы бойынша – кемінде 6 570 сағат;

— «Balapan» телеарнасы бойынша – кемінде 5 290 сағат;

— «Abai TV» телеарнасы бойынша – кемінде 6 205 сағат;

— облыстық телеарналар бойынша (14 облыстық телеарна) – кемінде 15 330 сағат;

— «Қазақ радиосы» радиоарнасы бойынша – кемінде 8 704 сағат;

— «Астана» радиоарнасы бойынша – кемінде 2 160 сағат;

— «Шалқар» радиоарнасы бойынша – кемінде 6 570 сағат;

— «Classic» радиоканалы бойынша – кемінде 6 570 сағат;

— «Первый канал Евразия» телеарнасында жаңалық, ақпараттық-талдамалық, әлеуметтік-танымдық және ойын-сауық бағдарламаларын өндіру және тарату бойынша – 1 121,5 сағат;

— «Первый канал Евразия» арнасында Ресей Федерациясының «Первый канал» телеарнасының лицензиялық контентін тарату бойынша – 625 сағат.


Мемлекеттік тапсырманың түпкілікті нәтижесі Қазақстан Республикасы халқының мемлекеттік ақпараттық саясатпен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік телерадио хабарларын тарату желілерінде телеарналар мен радиоканалдардың төмендегі қамту көрсеткіштеріне қол жеткізу болып табылады:

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы (SD форматында) – кемінде 95,34%;

«QAZSPORT» телеарнасы (HD форматында) – кемінде 95,34%;

«Balapan» телеарнасы (SD форматында) – кемінде 95,34%;

«Abai TV» телеарнасы (SD форматында) – кемінде 95,34%;

«Первый канал Евразия» телеарнасы (SD форматында) – кемінде 95,34%;

облыстық телеарналар жиынтығы бойынша – кемінде 65,7%;

«Қазақ радиосы» радиоканалының аналогтық ортадағы қамтылуы – кемінде 89,2%;

«Шалқар» радиоканалының аналогтық ортадағы қамтылуы – кемінде 73,0%;

«Астана» радиоканалының аналогтық ортадағы қамтылуы – кемінде 7,2%;

«Classic» радиоканалының аналогтық ортадағы қамтылуы – кемінде 23,6%;

«Қазақ радиосы», «Шалқар», «Астана», «Classic» радиоканалдарының «OTAU TV» спутниктік желісіндегі қамтылуы – 100%.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақша. Ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«Республикалық және жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Қоры қаражатының пайдаланылуы туралы ақпарат;»

Аймақтық арналар