Республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану туралы мәліметтер.
2024 жылғы қызмет қорытындысы бойынша «Қазақстан» РТРК» АҚ мемлекеттік тапсырманы іске асырудың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етті.
Мемлекеттік тапсырманы іске асырудың тікелей нәтижелері ретінде 2024 жылға арналған келесі жылдық хабар тарату көлемдері қамтамасыз етілді:
— «Qazaqstan» ҰТА – кемінде 7 320 сағат;
— «QAZSPORT» телеарнасы – кемінде 6 588 сағат;
— «Balapan» телеарнасы – кемінде 5 856 сағат;
— «Abai TV» телеарнасы – кемінде 6 222 сағат;
— Облыстық телеарналар (13 облыстық телеарна) – кемінде 15 372 сағат;
— «Қазақ радиосы» – кемінде 8 728 сағат;
— «Астана» радиосы – кемінде 6 588 сағат;
— «Шалқар» радиосы – кемінде 6 588 сағат;
— «Classic» радиосы – кемінде 6 588 сағат;
— «Первый канал Евразия» телеарнасында жаңалықтық, ақпараттық-талдамалық, әлеуметтік-танымдық және әзіл-сауықтық бағдарламаларды өндіру және тарату – 1 255,83 сағат;
— Ресей Федерациясының «Первый канал» телеарнасының лицензиялық контентін «Первый канал Евразия» телеарнасында тарату – 687 сағат.
Мемлекеттік тапсырманың түпкілікті нәтижесі ретінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы халқының мемлекеттік ақпараттық саясатын жеткізу мақсатында республиканың аумағындағы жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік телерадио хабар тарату желісінде келесі елді мекендер қамтылуы қамтамасыз етілді:
— «Qazaqstan» ҰТА SD форматында – кемінде 95,32%;
— «QAZSPORT» телеарнасы HD форматында – кемінде 95,32%;
— «Balapan» телеарнасы SD форматында – кемінде 95,32%;
— «Abai TV» телеарнасы SD форматында – кемінде 95,32%;
— «Первый канал Евразия» телеарнасы SD форматында – кемінде 95,32%;
— Облыстық телеарналар, жиынтығында – кемінде 62,73%;
— «Қазақ радиосы» аналогтық ортада – орта есеппен кемінде 91,0%;
— «Шалқар» радиосы аналогтық ортада – кемінде 64,4%;
— «Астана» радиосы аналогтық ортада – кемінде 4,6%;
— «Classic» радиосы аналогтық ортада – кемінде 18%;
— «Қазақ радиосы», «Шалқар», «Астана», «Classic» радиоканалдары OTAU TV жерсеріктік ортада – 100%.