Корпорация комплаенсы

«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Корпорация) өз жұмысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша үздік комплаенс тәжірибелерге сәйкес құрады. Комплаенс Корпорацияның директорлар Кеңесіне ұйымдық және функционалдық есеп беретін тәуелсіз құрылымдық бөлімше болып табылады.

Негізгі мақсаты комплаенс бағдарламасын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша саясатты айқындау, сондай-ақ Корпорациядағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауды қоса алғанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған комплаенс бағдарламасының маңызды элементтерінің бірі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау болып табылады.

Комплаенс (ағылш.) «сәйкестік». Бұл функция ұйымның ішкі процедураларының халықаралық және жергілікті реттеу нормаларына сәйкестігін бақылайды.




Жардемов Ерасыл Еділұлы – «Қазақстан «РТРК» АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жөніндегі маманы, заң ғылымдарының магистрі, Қазақстан Республикасының аудиторы.

Байланыс: +7 747 038 82 83

                     +7 717 2 757–050

Электрондық пошта: yerasyl.zhardemov@rtrk.kz

Мекен-жайы: Астана қ., Қонаев к-сі, 4


Аймақтық арналар