«Қазақстан» теларадиокорпорациясы мен Ұлттық ғылым академиясы бірлескен жобалар өндіреді

23.05.2023
«Қазақстан» теларадиокорпорациясы мен Ұлттық ғылым академиясы бірлескен жобалар өндіреді

Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья мен «Қазақстан» теларадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Өткен аптадан бастап «Qazaqstan» телеарнасынан жастарды ғылымға ынталандыру мақсатындағы «Дара» интеллектуалдық жобасы эфирге шықты. Корпорацияның «Abai tv» арнасында отандық тарихшылар мен археолог ғалымдардың ғылыми зерттеулері жайындағы «В поисках истины», «Қазба қазыналары», этнографиялық зерттеулер нәтижесіне құрылған «Ұмай» жобалары бар.

Келісім негізінде «Balapan» арнасында бұған дейін көрсетілген «Жас ғалым» жобасын жаңаша бағытта жалғастыру туралы шешім қабылданды және күнсайынғы «Таңшолпан» бағдарламасында ғылыми жаңалықтар айдары ашылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабы.

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

18-тармақша. Жаңалықтар легін жариялауға міндетті;

Аймақтық арналар