Футболдан Әлем чемпионатын жүргізетін комментаторлар анықталды

10.11.2022
Футболдан Әлем чемпионатын жүргізетін комментаторлар анықталды

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында 2022 жылғы 20 қарашада Қатарда басталатын футболдан Әлем чемпионатын жүргізетін комментаторлар белгілі болды. ХХІІ Әлем біріншілігі ойындарының ел аумағындағы ресми хабар таратушысы - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы 14 комментатордың есімін жариялады.

Тікелей эфирде қазақ тілінде Есей Жеңісұлы, Ермұхамед Мәулен, Жандос Байділдә, Ерсін Ерікұлы, Уәлихан Қосанбай, Әлімжан Асқарұлы, Руслан Бақытжан, орыс тілінде Сергей Райлян, Ербол Қайыров, Дмитрий Настеренко, Виктор Кирилюк, Дінмұхаммед Төлегенов, Дидар Қадыров және Әділет Құсайынов комментаторлық етеді.

Әлем чемпионатының 64 матчы «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі. «Qazaqstan» телеарнасындағы ойындар тек қазақ тілінде жүргізіледі.

Алғашқы ойын 20 қараша күні елорда уақытымен 22:00-де Катар – Эквадор командалары арасында өтеді.

Қазақстандық жанкүйерлер Әлем біріншілігін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен және qazaqstan.tv, qazsporttv.kz ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн көре алады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабы.

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

18-тармақша. Жаңалықтар легін жариялауға міндетті;

Аймақтық арналар