«Abai tv» телеарнасының таныстырылымы

29.06.2020
«Abai tv» телеарнасының таныстырылымы

2020 жылдың 30 маусымы күні, сағат 11:00-де «Қазмедиа орталығында» «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының құрамындағы «Abai tv» мәдени-ағарту телеарнасының ресми таныстырылымы өтеді.

Шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаев, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Д.Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұртөре Жүсіп, журналист, академик Намазалы Омашев, Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева және еліміздің зиялы қауым өкілдері мен мәдениет саласының майталмандары қатысады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабы.

3-тармақ. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

18-тармақша. Жаңалықтар легін жариялауға міндетті;

Аймақтық арналар