Құрылымдық бөлімше: Басқарма
Біліктілік талаптары:
«Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «Бизнес, баскару және құқық», «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» мамандықтары тобы бойынша жоғары білімі;
тиісті салада, оның ішінде басшылық лауазымдарда 5 (бес) жылдан кем емес жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.
Еңбек өтілі: 5 жылдан кем емес
Жұмыс күні: 5/2
Мекен-жайы: Астана, Кунаева 4
• Корпорацияның Директорлар кеңесі бекіткен ұйымдық құрылымға сәйкес құрылымдық бөлімшелердің қызметіне жетекшілік етеді;
• жетекшілік ететін телеарналар саясатын анықтауды және хабар таратудың шығармашылық тұжырымдамасын қалыптастыруды жүзеге асырады;
• Корпорацияның эфирлік хабар тарату бойынша өндірістік қызметін жедел басқаруды жүзеге асырады және үйлестіреді, сондай-ақ, жетекшілік ететін телеарналар шеңберінде телебағдарлама өндірісін ұйымдастыруды және оны бақылауды қамтамасыз етеді;
• Корпорацияның диджитал, анонс, дубляж, дистрибуция және сатып алу, телехикаялар өндірісі қызметтерін жедел басқаруды жүзеге асырады және үйлестіреді, сондай-ақ, жетекшілік ететін құрылымдар шеңберінде өндірісті ұйымдастыруды және оны бақылауды қамтамасыз етеді;
• бекітілген ұйымдық құрылым аясында құзыреттері және жетекшілік ететін құрылым бөлімшелері шегінде Корпорацияның Даму жоспарының негізгі көрсеткіштерін қалыптастыруды және оларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
• Корпорация атынан қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатуды жүзеге асырады;
• жетекшілік ететін телеарналар шеңберінде телеөнім өндірудің шығармашылық-өндірістік үдерісіне байланысты мәселелер бойынша Корпорация журналистерінің жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарымен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді және олардың жұмыстарын жоспарлауды ұйымдастырады;
• телебағдарламалар мазмұнының қолданыстағы заңнаманың талаптарына, тұтастай алғанда Корпорацияның эфирлік тұжырымдамасына сәйкес келуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ өзінің құзыреті шеңберінде телерадиобағдарламалар өндірісінің шығармашылық-өндірістік үдерісіне бақылауды қамтамасыз етеді.
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының орынбасары бос лауазымына орналасуға арналған конкурстың аяқталғаны туралы хабарлайды.
Конкурс өткізілді деп танылды. Құжаттарды және әңгімелесу нәтижелерін қарау нәтижесі бойынша конкурстық комиссияның шешімімен Жексенбай Бибигул Нұрғалиқызы жеңімпаз болып танылды. Конкурс жеңімпазымен белгіленген тәртіппен еңбек шарты жасалатын болады.
Байқаудың барлық қатысушыларына көрсеткен қызығушылығы мен қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Бос орын жабылып, мұрағатқа ауыстырылды.